Главный » Казахские песни » Дана Орманбаева, Мади Сыздыков - Бойы бұлғаң (Оскар за любовь OST Абай)
Дана Орманбаева, Мади Сыздыков - Бойы бұлғаң (Оскар за любовь OST Абай)

Дана Орманбаева, Мади Сыздыков - Бойы булган (Оскар за любовь OST Абай)

  • Слушали: 427
  • Размер: 2,66 MB
  • Длительность: 2:53
  • Качество: 128 kbps
  • Дата релиза: 4-10-2021, 04:41
Слушать
Скачать
На этой странице Вы можете скачать песню Дана Орманбаева, Мади Сыздыков - Бойы бұлғаң (Оскар за любовь OST Абай)!. Слушайте онлайн в хорошем качестве, со своего телефона на Android, iphone или пк в любое время.
Текст песни

Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
Өз ойында,
Тұл бойында
Бір міні жоқ пендесіп,
Түзде мырзаң,
Үйде сырдаң,
Сөзі қылжаң еркесіп.
Бас құрасып,
Мал сұрасып,
Бермегенмен кетісер.
Адам аулап,
Сыпыра саулап,
Байды жаулап жетісер.
Сөз қыдыртқан,
Жұрт құтыртқан,
Антын, арын саудалап.
Бұтты-шатты,
Үй санатты,
Байдан атты алмалап.
Кедейі — ер,
Кеселі зор,
Малды байдан сорлы жоқ.
Аш көмектің,
Жемдемектің,
Босқа әлектің орны жоқ.
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гу де гу.
Байы — баспақ,
Биі саспақ,
Әулекі аспақ сыпыра қу.
Ақы берген,
Айтса көнген,
Тыныштық іздер елде жоқ.
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан,
Ақыл айтар пенде жоқ.
Әз тұтуға,
Сыйласуға
Қалмады жан бір татыр.
Сыпыра батыр,
Пәле шақыр,
Болдың ақыр тап-тақыр.
Су жұғар ма,
Сөз ұғар ма,
Сыпыра жылмаң желбуаз?
Айтты — көндім,
Алды — бердім,
Енді өкіндім — өзіме аз.