Главный » Казахские песни » Мұқағали Мақатаев - Бақыт деген
Мұқағали Мақатаев - Бақыт деген

Мукагали Макатаев - Бакыт деген

  • Слушали: 794
  • Размер: 988,55 KB
  • Длительность: 1:40
  • Качество: 80 kbps
  • Дата релиза: 9-10-2021, 07:02
Слушать
Скачать
На этой странице Вы можете скачать песню Мұқағали Мақатаев - Бақыт деген!. Слушайте онлайн в хорошем качестве, со своего телефона на Android, iphone или пк в любое время.
Текст песни

Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды.
Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!